Қорғаныс министрлігі оқу орындарының курсанттары ант қабылдады

19 Қыркүйек 2020, 19:42
1361
Бөлісу:
Қорғаныс министрлігі оқу орындарының курсанттары ант қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттері Отанына адал болуға ант берді. Салтанатты рәсім бүгін Алматы, Ақтөбе және Щучинск қалаларында өтті, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.

Құрлық әскерлерінің әскери институтында 270-тен астам, Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында 90-нан астам курсант ант қабылдады. Сонымен қатар, ҚР ҚМ Кадет корпусында 240-тан астам кадет Отанына адал болуға ант берді.

Әскери ант мәтініндегі әрбір сөз терең мағынаға ие. Әрбір курсант өзінің әскери міндетін орындай отырып, өз өмірбаянына әскери өмірге жасаған қадамын жазып, азаматтық және адамгершілік жетілу сынағын өткізеді, – деді бірінші курс студенттеріне Құрлық әскерлері әскери институтының бастығы генерал-майор Дулат Адырбеков.

Курсанттар мен кадеттер бұл күнді мәңгі есте сақтайтыны анық. Бүгін олар әскери жолға түсіп, Отан қорғау үшін жоғары міндеттемелер алды.

Әскери ант – ең алдымен, қасық қаны қалғанша өз Отанын қорғауға дайын болу. Енді сіздердің барлық әрекеттеріңіз өз қолдарыңызбен бекітілген салтанатты ант талаптарына сәйкес болу керек, - деді өз сөзінде Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов.

Салтанатты іс-шаралар санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау мақсатында қонақтардың қатысуынсыз өтті. Курсанттардың ата-аналары өз ұлдарының өміріндегі маңызды оқиғаны оқу орындары мен әлеуметтік желілердегі ресми ғаламтор-ресурстары арқылы онлайн режимде бақылады.

Әскери оқу орнына қабылданған сәттен бастап ант қабылдағанға дейін курсанттар мен кадеттер бастапқы әскери дайындық курсынан өткенін атап өткен жөн. Бір ай уақыт аралығында олар жалпыәскери жарғыларды зерделеді. Сондай-ақ саптық, физикалық және атыс даярлығынан өтті.


Өзгелердің жаңалығы