Қорғаныс министрі Отардағы қару-жарақтардың сақталуын тексерді

<span style="font-weight: 700;"> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отарға жұмыс сапарымен барған ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қару-жарақтардың сақталу тәртібі мен жағдайын, жеке құрамның өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау барысын тексерді.</h4> </span>

12 Шілде 2019 2019, 02:00
АВТОР
 12 Шілде 2019 2019, 02:00
12 Шілде 2019 2019, 02:00
1904

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отарға жұмыс сапарымен барған ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қару-жарақтардың сақталу тәртібі мен жағдайын, жеке құрамның өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау барысын тексерді.

Қорғаныс министрлігінен хабарлағандай, ведомство басшысы жауапты тұлғалардың зымырандар мен қару-жарақтарды сақтау тәртібі, қаруландыру, әскери және арнайы техника, сонымен қатар, өзгеде материалдық-техникалық қажеттіліктерді қамтамасыз ету туралы баяндамасын тыңдады.

Тексеріс нәтижесі бойынша, әскерилердің өрт және диверсиялық әрекеттерге қарсы кауіпсіздік ережелерін бұлжытпай орындау, қаруландыру мен әскери техника, қару-жарақтарды сақтау бойынша нысанның қауіпсіздігін арттыру мақсатында нақты міндеттер анықталды.

Наверх