Қорғалжын қорығы мен оны қорғаушылар

24 Тамыз 2020, 11:47
5418
Бөлісу:
Қорғалжын қорығы мен оны қорғаушылар
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі Ақмола облысындағы «Қорғалжын» қорығына баспасөз турын ұйымдастырды. Тур барысында астаналық журналистерге қорықтағы жан-жануарлардың, құстар мен балықтардың қалай қорғалып жатқаны көрсетілді.

Нұр-Сұлтаннан қорықшылар жүретін жол талғамайтын көлікпен бірнеше машина болып жолға шықтық.

WhatsApp Image 2020-08-24 at 10.00.53.jpeg

Қорыққа жетпес бұрын Абай ауылын кесіп өттік. Қорықшылардың айтуынша, бұл ауылда 15-20 ғана үй қалған. Көбі көшіп кеткен. 

WhatsApp Image 2020-08-24 at 10.01.00.jpeg

Қазір ауылда мектеп жоқ. Балалар көрші аймақтың мектеп-интернатында оқитын көрінеді. Ал ауыл тұрғындары мал шаруашылығымен айналысады.

WhatsApp Image 2020-08-24 at 10.00.59.jpeg

Қорыққа жеткенде ауа райы құбылып, жаңбыр жауды.

Қорық аймағы елордадан 150 км-дей шақырымда орналасқан.

 WhatsApp Image 2020-08-24 at 10.00.57.jpeg

Ақмола облысы Қорғалжын ауданында 1968 жылы 16 сәуірде құрылған. Аумағы бойынша еліміздегі ең ірі қорықтың бірі.

WhatsApp Image 2020-08-24 at 10.01.01 (1).jpeg

Аумағы шамамен 700 мың гектарды алып жатыр.

Мұнда 130-ға жуық көл бар. 

WhatsApp Image 2020-08-24 at 10.00.55.jpeg

Балықтың 15 түрі, 350-ден аса құстың, 450-ге жуық өсімдіктің, жәндіктің 700, жан-жануарлардың 45 түрі мекендейді. 

Қорықта бүгінгі күні 70 мыңдай киік бар. Дүниежүзіндегі ақбөкеннің 95%-ы Қазақстанда тіршілік етеді. 

WhatsApp Image 2020-08-24 at 10.00.56.jpeg

Биыл коронавирус инфекциясы қорықшылар жұмысына да кесірін тигізді. Індет салдарынан киіктердің санағы жүргізілмеді. Санақ қыркүйекке қалдырылды. 

WhatsApp Image 2020-08-24 at 10.00.57 (1).jpeg

Қорықшылар киіктерді жоғарыдан ұшақпен суретке түсіреді. Кейін суретке қарап, олардың санағын жүргізеді. 

Киіктердің өзін-өзі қорғау түйсігі өте жоғары. Егер олар азайып бара жатқандарын сезсе, жылына бірден 2-3 лақтан төлдейді. 

Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар.  

WhatsApp Image 2020-08-24 at 10.00.54 (1).jpeg

Киіктердің мүйізінің салмағы оның көлеміне байланысты болады. Қорықшылардың айтуынша, киік мүйізінің бір келісі 2-3 мың долларды құрайды. 

Олар қыста түстерін өзгертіп, ақшыл түске енеді. 

Киіктер сағатына 80-90 шақырым жылдамдықпен жүгіреді. 

WhatsApp Image 2020-08-24 at 10.00.54.jpeg

Тур барысында киіктерді жақыннан көру мүмкін болмады. Себебі олар өте сезімтал. Адамдарды жақындатпайды.
Дүрбімен жақындатып көруге тырыстық. 

Үкiмет ақбөкендердi 2006 жылы «Қызыл кiтапқа» енгізген. 

Жан-жануарлардан бөлек, құстарды да көптен кездестіруге болады. Топ болып ұшып жүрген қарлығаштар, көлде жүзіп жүрген аққулар, т.б. 

18daa11e-4b46-4d79-b9e3-4326afb89f1b.jpg

Заңсыз аңшылыққа қатысты заңнама қатаңдатылды. Киік ату үшін адам 12 жылға бас бостандығынан айырылады. 

Тур соңында Қаражар ауылына тоқтадық. Ауыл маңында Сұлтанкелді деп аталатын көл бар. Кезінде бұл жерге кезінде Кенесары хан келген. Сондықтан халық көлді осылай атап кеткен көрінеді. 

WhatsApp Image 2020-08-24 at 10.01.01.jpeg

Қорықшылардың айтуынша, бұл аймақта көңіл көншітпейтіні жол инфрақұрылымының жоқтығы. Осыған жауапты тиісті компаниялар осы мәселені қолға алып, тезірек шешімін тапса. Себебі қорықшылар қыс бойы жолдың жоқтығынан қарда далада қалып қойған жолаушыларды шығарумен әлек болған. 

Одан бөлек, аймақта түрлі көлдер, туристер қызығуға тұрарлық табиғаты әсем жерлер жетерлік. Инфрақұрылымның тоқтығынан туризм саласы да дамымай отыр. 

WhatsApp Image 2020-08-24 at 10.01.00 (1).jpeg

Осылайша, ауылдан дәм татып, елордаға аттандық. 

Өзгелердің жаңалығы