Оқытушылар Оңтүстік Кореяға жіберіледі

24 Маусым 2024, 21:27
398
Бөлісу:
Оқытушылар Оңтүстік Кореяға жіберіледі

Ғылым және жоғары білім министрлігі отандық білім беруді жаһандандыру жолында маңызды қадам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министр Саясат Нұрбек Оңтүстік Кореяға сапары барысында Кенгидо провинциясының білім беру Кеңсесінің басшысы Им Тэ Химен меморандумға қол қойды.

Бұл құжат екі елге де пайда әкелетін және білім беру қызметтерін сәтті экспорттаудың үлгісі болатын ынтымақтастықтың басталуын білдіреді.

Соңғы жылдары Кенгидо провинциясында орыс тілді тұрғындардың саны едәуір өсті. Жергілікті мектептерге көмектесе алатын білікті орыс тілді мұғалімдерге деген қажеттілік туындады. Қазақстандық оқытушылар өз кезегінде шетелде бірегей жұмыс тәжірибесіне ие болады, бұл олардың кәсіби деңгейлері мен мәртебесін арттырады. 

Ынтымақтастық шарттары бойынша Корей тарапы ұшу, тұру және оқытушылардың ай сайынғы жалақысын төлеу бойынша барлық шығындарды өз мойнына алады.

Өзгелердің жаңалығы