Оқыс оқиға: көкшетаулық әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалды

22 Сәуір 2023, 08:52
805
Бөлісу:
Оқыс оқиға: көкшетаулық әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалды
Фото: sputnik.kz

Көкшетауда сауда орталығында оқыс оқиға болды. Орталық базар ғимаратындағы әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалды. Бес бірдей бақайы жұлынып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әйел эскалатормен түсіп бара жатып, құлап қалған. Аяғын эскалатор механизмі тартып алды. Бес башпайының травматикалық ампутациясы болды, - деп хабарлаған Ақмола облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Александр Высоцкий.

Жедел жәрдем 67 жастағы әйелді көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы