Оқушыларға арналған жаңа мәдени-білім беру жобасы басталды

6 Қыркүйек 2022, 13:19
1622
Бөлісу:
Оқушыларға арналған жаңа мәдени-білім беру жобасы басталды
PHOTO

Енді мектеп оқушылары Қазақстан тарихын Ұлттық музейде оқи алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұндай ақпаратты Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев «Музейдегі оқу күні» атты жаңа мәдени-білім беру жобасының басталғаны туралы хабарлады. Сабақтың тақырыбы мен мазмұны оқу бағдарламасына толық сәйкес келеді.

Жоба 5-9 сынып оқушыларының қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша теориялық білімдерін бекітуге бағытталған.

Оқушыларға арналған жаңа мәдени-білім беру жобасы басталды

Балалар төл тарихымызды музей экспонаттарының көмегімен зерттейтін болады, бұл балалар үшін де, педагогтар үшін де тамаша мүмкіндік. Зерттеуші ғалымдар, ҚР Ұлттық музейінің экскурсия жетекшілері орта мектептің тарих пәнінің мұғалімдерімен бірлесіп, геймификация элементтерін қолдана отырып, интерактивті сабақтар өткізеді. Сабақ барысында оқушылар экспонаттармен жақынырақ танысып, артефактілердің көшірмелерін қолда ұстай алады, - деп атап өтті ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Оқушыларға арналған жаңа мәдени-білім беру жобасы басталды

Сабақтар музейдің экспозиция залдарында өтеді. Бір дәрістің ұзақтығы 35-45 минутты құрайды. Еліміздің басқа қалаларының оқушылары үшін музей сабақтары жақын арада онлайн форматта қолжетімді болады. Ол үшін музей қызметкерлері видео сабақтар дайындаған.

Айта кетейік, жоба «Балалар жылы» аясында жүзеге асып отыр.

Өзгелердің жаңалығы