Оқушылардың білімін бағалайтын құрал халықаралық сапа белгісін алды

17 Ақпан 2025, 20:52
306
Бөлісу:
Оқушылардың білімін бағалайтын құрал халықаралық сапа белгісін алды
Фото: Оқу ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Орта Азиядағы білім сапасын бағалау бойынша аккредиттациядан өткен жалғыз ел атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін бағалайтын ұлттық құралы RCEC халықаралық сапа белгісін алды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. 

ББЖМ ұлттық құралының халықаралық аккредитациядан өтуі оның сенімділігін, шынайылығын және халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін растайды. ББЖМ-нің барлық кезеңдері мен процедуралары PISA, TIMSS және PIRLS сияқты белгілі зерттеулерде қолданылатын ғылыми тәсілдерге негізделген.

ББЖМ аккредитациясынан өту еліміздің бағалау саласындағы әлеуетін және сараптамасын арттыруға мүмкіндік берді. Біз ББЖМ трансформациясы барысында әзірленген негізгі қағидаттар мен тәсілдерді ұлттық білім беру жүйесін жетілдіру аясында басқа білім деңгейлеріне енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл бағалау жүйесінің тұтастай дамуын және балалардың білім сапасы туралы объективті деректер алуды қамтамасыз етеді, – деді "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" төрағасы Мағжан Аманғазы.

Сонымен қатар аккредиттеу Қазақстанның Орталық Азия өңірінде білім беру сапасын бағалау бойынша бірлескен бастамаларға көшбасшылық етуіне бірегей мүмкіндіктерді береді.

Өзгелердің жаңалығы