Оқушыларды тәрбиелеу жоспарына ұлттық ойындар енгізілді

17 Сәуір 2023, 18:35
1401
Бөлісу:
Оқушыларды тәрбиелеу жоспарына ұлттық ойындар енгізілді
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында орта білім беру ұйымдары үшін жаңа оқу жылына арналған «Тоғыз ай – тоғыз іс-шара» іс-шаралар жоспарын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тоғыз оқу айы ішінде оқушылар тоғыз түрлі іс-шараларға қатысады. Жоспарды іске асыру ағымдағы жылдың наурыз айында оқушылар арасында өткізілген «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар челленджінің жалғасы болып табылады. Барлық іс - шаралар ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие процесіне бірыңғай көзқарасты қамтамасыз етуге бағытталған, - деп атап өтті Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мадина Тыныбаева. 

Айта кетейік, іс-шаралар келесі тәртіпте өткізіледі: 

Қыркүйек – «Сергіту сәті» 

Қазан – «Әнұран айту» 

Қараша – «Асық ату» 

Желтоқсан – «Шығарма жазу: болашаққа хат» 

Қаңтар – «Қазақ есебі» 

Ақпан – «Оқуға құштар мектеп» 

Наурыз – «Домбырашылар» 

Сәуір – «Тоғызқұмалақ, шахмат ойыны» 

Мамыр – «Жасыл мекен».

Өзгелердің жаңалығы