17 жастағы қарағандылық жасөспірім бұрынғы мектебіне барып, бастауыш сынып оқушыларынан ақша талап еткен. Ол психоневрологиялық диспансерге жатқызылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Полицияға Қарағандыдағы бір мектептің бұрынғы оқушысы мектеп аумағына келіп, бастауыш сынып оқушыларынан ақша талап етіп жүргені туралы ақпарат түскен. Тексеріс нәтижесінде бұл әрекеттерді арнайы есепте тұрған 17 жастағы жасөспірім жасағаны анықталды.
Қарағандыдағы бір мектептің бұрынғы оқушысы мектеп аумағына барып, бастауыш сынып оқушыларынан ақша талап етіп жүргені туралы ақпарат полиция тарапынан тексерілді. Анықталғандай, бұл 17 жастағы жасөспірім, арнайы есепте тұрған. Бұған дейін оның үстінен қылмыстық іс қаралған болатын. Алайда сот оның психикалық жағдайын ескере отырып, жауапкершіліктен босатып, мәжбүрлі амбулаториялық ем тағайындаған. 24 қыркүйек күні полиция қызметкерлері жасөспірімді Облыстық психоневрологиялық диспансерге орналастырды. Жағдай толық бақылауда, мектеп оқушыларының ата-аналары үшін алаңдауға негіз жоқ, - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.