Абай облысының мектептері "Жасыл мекен" республикалық акциясына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еліміздің білім беру мекемелерінде "Жасыл мекен" экологиялық челленджі басталды.
Демалыс күндері облыс бойынша оқушылар, студенттер мен педагогтер 14 мың көшет және 17 мың гүл отырғызды.
Акцияның ұйымдастырушысы Білім министрлігі. Табиғатты қорғауға және дамытуға, мондай-ақ, ағаш отырғызуға облыс басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев қатысты.
Челлендждің мақсаты оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғат пен қоршаған ортаға қамқорлық жасау, сондай-ақ балалардың бойында еңбекқорлықты дамыту болып табылады.
Бұл экологиялық акция #оқуағарту #заботаоприроде #посадкадерева #жасылмекен #еңбекқорлық хэштегтері бойынша өтуде.