Оқушылар өсімдіктері мен жануарларының ерекше 3D атласын жасады

26 Мамыр 2023, 20:50
1063
Бөлісу:
Оқушылар өсімдіктері мен жануарларының ерекше 3D атласын жасады
Фото: Оқу-ағарту министрлігінен

Павлодарлық оқушылар баянауыл ұлттық паркінің қорғауға алынған өсімдіктері мен жануарларының ерекше 3D атласын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Павлодар қаласының Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушылары Богдан Цибрий мен Руслан Божеканов Баянауыл ұлттық паркінің мемлекет қорғауына алынған өсімдіктер мен жануарлардың виртуалды әлемін жасады.

3D атласқа баянауыл қарағайлары, қарағаш, жертесер, арқар секілді өңір эндемиктері енгізілген. 3D атлас арқылы өлкетану, биология және география сабақтарында оқушылар білімдерін кеңейте алады. Сондай-ақ қорғауға алынған жануарлар мен өсімдіктер туралы көп ақпарат біліп, оны таратуға болады.

Біздің ойымыз қорғауға алынған табиғи нысандар, өсімдіктер мен жануарлар туралы көпшілік біліп, оларға зиянын тигізбесе дейміз. Заманауи технологиялардың арқасында саябақтың флорасы мен фаунасын цифрлық форматта ұсындық, кез-келген адам оны көре алады. 3D форматында әзірленген Баянауыл ұлттық паркі - бұл тарихи ескерткіштер туралы ғылыми зерттеу жасап жүргендер үшін тамаша мүмкіндік. Біздің әзірлеген 3D-атласымызды туристік сайттар елімізге назар аударудың бір әдісі ретінде пайдалануға болады, - дейді оқушылар.

Бұл жобаның ерекшелігі - оқушылар виртуалды нұсқаға саябақты өзгеріссіз түпнұсқасын енгізген. Бағдарлама әзірлеуші жастар осымен екінші жыл қатарынан Қазақстанның табиғи нысандарын цифрлық форматта ұсынып отыр. Осылайша өздерін табиғат жанашыры екені танытуда. 

Айта кету керек, еліміздің жоғары білікті мамандарға сұранысын қанағаттандыру мақсатында № 8 лицей-мектебінің ұстаздар қауымы балаларды жан-жақты дамытуға көңіл бөліп отыр. Оқу бағдарламаларына қосымша оқушылардың қалауымен мектеп қабырғасында жан-жақты ізденіп, шыңдалуына жағдай жасалған.

Өзгелердің жаңалығы