Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Оқушылар мен студенттер мектепке бармайтын болды

Бөлісу:
 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Астанада оқушылар мен студенттер 12 ақпанда онлайн оқиды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

2026 жылғы 12 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюі және ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - деп хабарлады Астана қаласының Білім басқармасы. 

Еске салайық, бұған дейін алдағы күндері −33 градусқа дейін аяз болатыны хабарланды. 

Сондай-ақ, синоптиктер ақпан айында күн қандай болатыны туралы болжамды жаңартқан еді.

Өзгелердің жаңалығы