Қазақстанда халықаралық олимпиада жеңімпаздары мен ұстаздарына ақшалай сыйақы беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Гаждембек Тұрсынов айтты.
Қазақстан – олимпиада жүлдегерлерін марапаттау тәжірибесін ұстанатын аз ғана елдердің бірі. Мемлекет басшысының бастамасымен 2022 жылдан бастап халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздары мен олардың ұстаздары үшін арнайы ақшалай сыйақы тағайындалды, - деді ол.
Сыйақы мөлшері:
- Алтын медаль – 1500 АЕК – 5 898 000 теңге
- Күміс медаль – 1000 АЕК – 3 932 000 теңге
- Қола медаль – 500 АЕК – 1 966 000 теңге
Сонымен қатар оқушыны дайындаған педагогтер де марапатталады:
- Алтын медаль иегерінің ұстазы – лауазымдық жалақысының 26,5 еселенген мөлшерінде сыйақы алады.
- Күміс медаль иегерінің ұстазы – 17,5 еселенген мөлшерде марапатталады.
- Қола медаль иегерінің ұстазы – 8,5 еселенген мөлшерде сыйақыға ие болады.
Бұл бастама дарынды оқушыларды қолдауға және ұстаздардың еңбегін ынталандыруға бағытталған.
Еске сала кетейік, 2025 жылы 1 АЕК 3 932 теңгеге тең.