Оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады?

Бүгiн, 19:07
328
Бөлісу:
Оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады?
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда мектеп оқушыларының көптен күткен демалысы келе жатыр,деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық оқушылар үшін көктемгі демалыс 21-31 наурыз аралығында өтеді. Мектеп оқушылары көктемгі демалыста барлығы 11 күн демалады.

Үшінші тоқсан мектеп бағдарламасындағы ең ұзақ болып саналады – ол 10 оқу аптасына созылады.

Төртінші тоқсан 1 сәуірде басталып, 25 мамырға дейін жалғасады. Ол 8 оқу аптасына созылады.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылының басталу мерзімін, ұзақтығын және каникул кезеңдерін бекіткен болатын.

Қазақстандық оқушылар үшін оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталады.

Өзгелердің жаңалығы