Қазақстандық оқушылар Бейжіңдегі Ханьбан орталығына барды

4 Қыркүйек 2019, 11:40
3473
Бөлісу:
Қазақстандық оқушылар Бейжіңдегі Ханьбан орталығына барды
PHOTO
Фото: автордан

Бейжің, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық делегация Қытай астанасындағы Ханьбан халықаралық мәдени-білім беру орталығына барды.

Қазақстандық оқушылар Қытайға сапарының соңғы нүктесі – Бейжіңде тоқтатады. Бұған дейін Шэньчжэнь, Чэнду, Чжэнчжоу қалаларына аялдады. 

Ханьбан – Конфуций институтының басты орталығы. 

WhatsApp Image 2019-09-04 at 10.24.23 (1).jpeg

Нұр-Сұлтандағы Конфуций институтында бір жыл мұғалім болған Медет есімді ұстаз оқушыларды ыстық лебізбен қарсы алды.

«Келгендеріңізге қуаныштымын. Сіздің Қытайға жасап отырған сапарыңыздың маңызы зор. Қазір бұл елдің мәдени, білім беру орындарын араладыңыздар. Кейін елге келгенде қытай тілін оқу барысында осының барлығы сізге көмек болады. Тіл меңгеруде сол тілдің ошағына бару маңызды. Қытай тілін үйренген соң, екі ел арасындағы байланысты жаңа дейгейге шығаруға үлес қоса аласыздар», - деді қытай тілінің мұғалімі. 

WhatsApp Image 2019-09-04 at 10.24.22.jpeg

Кейін осы орталықтың басшысы ғимараттың бірінші қабатын аралатып, Конфуций институты жайлы мағлұмат берді. Айтуынша, бүгінде әлемнің 158 елінде 500-ден астам Конфуций институты жұмыс істеп жатыр.

«Егер қытай тілін үйренуге деген қызығушылығыңыз болса, онда Конфуций институтына барып, оңай әрі тез меңгеріп алуыңызға болады. Қазір әлемде қытай тілін оқу өте танымал болып келеді. Бүгінде 158 мемлекетте 500-ден астам Конфуций институты бар. Соның ішінде Қазақстанда 5 Конфуций институты Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Қарағандыда, Ақтөбеде бар. Конфуций институты қытай тілінен бөлек қытай мәдениетін, жазба мәдениетін үйретеді. Қытай тілін үйренемін дегендерге арнайы кітаптар, материалдар, аудио-видео дискілер, арнайы сайт бар. Сонымен қатар, екі мемлекеттің байланысын нығайту мақсатында көптеген шара өтеді», - деді орталық директоры.

WhatsApp Image 2019-09-04 at 10.24.23.jpeg

Конфуций институты қытай тілін жақсы оқитын оқушыларға Қытайға тегін сапар ұйымдастырып береді. Сондай-ақ, жыл сайын студенттерге қытай тілін оқуға жылдық грант бөлінеді. Магистранттар мен докторанттарға арналған «қытай тілінің мұғалімі» мамандығына гранттар бар.

Нұр-Сұлтандағы «№81 Astana English School» гимназиясының қытай тілі пәнінің мұғалімі Айжан Әмірғалиева балалардың қытай тілін үйренуге деген қызығушылығы артып жатқанын атап өтті.

WhatsApp Image 2019-09-04 at 10.24.21.jpeg

«Қытай тілін үйренгісі келетін балалардың саны күн сайын артуда. Мектеп оқушыларының ішінен іріктеп алып келген балаларымыз – тіл меңгеруде жақсы нәтиже көрсетіп жүрген дарынды балалар. Енді міне апталық сапар барысында қытай халқының мәдениетіне қатысты көп мағлұмат алды, бұдан бөлек қытай тілін үйретуде жетекшілік ететін Конфуций институтының бас орталығына келіп тұр. Балалар үшін үлкен мүмкіндік. Елордаға келген соң Конфуций институтына жазылып, мектептен бөлек қытай тілін меңгеруде қосымша жалғастыруына болады», - деп бөлісті елордалық ұстаз.

WhatsApp Image 2019-09-04 at 10.24.24.jpeg

Қазақстандағы Қытай елшілігінің ұйымдастыруымен бір топ оқушы ұстаздарымен еліміздегі «Жастар жылы» аясында Қытай турында жүр. Үрімші арқылы ұшқан делегация Шеньжень, Чэнду, Ченьчжоу және Бейжің қалаларын аралайды. Жас буын дамыған қалалардың жетістігін көріп, тарихы және мәдениетімен танысады. 3 мұғалім және 24 баланың саяхаты туралы ақпарат тарату мақсатында елшілік арнайы BAQ.KZ тілшісін шақырды.

WhatsApp Image 2019-09-04 at 10.24.24 (1).jpeg

Бұған дейін қазақстандық делегация Чэнду қаласындағы таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін білім беретін халықаралық мектеп – ақылы білім ордасына барған болатын. Мектеп басшысының айтуынша, балалар 400 пәнді оқып, осындағы жатақханада қалады.

Қазақстандық оқушылар Чжэнчжоудағы шаолинь мектебіне де барды.

Өзгелердің жаңалығы