Кезекші сыныпта оқитын оқушыдан коронавирус анықталды

23 Қыркүйек 2020, 17:45
1724
Бөлісу:
Кезекші сыныпта оқитын оқушыдан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл биылғы оқу жылында оқушылар арасында анықталған алғашқы жағдай деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен.

14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Алтай  ауданы Парыгина ауылындағы мектептердің бірінде кезекші сыныпта оқитын екінші сынып оқушысынан коронавирус инфекциясы анықталды. 

Оқушының анасы - мұғалім. Баланың температурасы алғашқы күні 37 градус болған және вирус жұқтырғанын айғақтайтын бірқатар белгі байқалған. ПТР тест нәтижесі баланың вирус жұқтырғанын көрсетті. Оқушы қазір үйде ем-дом шараларын қабылдауда, жағдайы орташа. Вирус анықталған бала оқитын сыныпта 12 оқушы бар. Оқушылар да, ұстаздар да тексеруден өтіп жатыр, - делінген министрлік берген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы