ІІМ министрі Ержан Сәденов әлеуметтік желідегі парақшасында қайтыс болған полиция қызметкерінің туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу кезінде болған жазатайым оқиға салдарынан қаза тапқан Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкері А. Алиевтің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. ІІМ марқұмның отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетеді. Оқиға орнына менің орынбасарымның басшылығымен комиссия жіберілді. Тергеу барысы бақылауда, - делінген жазбада.