"Оқу керек": Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің олқылықтарына назар аударды

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің мәтінмен жұмыс істеу мәдениетіне қатысты сыни пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Ақорданың баспасөз қызметі 10 Ақпан 2026, 12:03
10 Ақпан 2026, 12:03
461
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің мәтінмен жұмыс істеу мәдениетіне қатысты сыни пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл жөнінде мен жақында «Түркістан» газетіне берген сұхбатымда айтқан болатынмын. Үкімет мүшелерінің кейбірімен болған әңгімелерден байқағанымдай, олардың бәрі бұл сұхбатты тиісті деңгейде мұқият оқымаған. Дәл осындай жағдай Қызылордада өткен құрылтайдағы менің сөзіме де қатысты екенін кейінгі әңгімелер барысында аңғардым.

Интернеттің ықпалымен ұзақ мәтіндерді оқу қиынға соғып кеткен сияқты. Оның үстіне мәтіндер мен мақалалардың мазмұнын тыңдап алу мүмкіндігі пайда болды. Алайда бұл мемлекеттік қызметшілерді көркейтпейді. Оқу керек, қайта оқу керек, тағы да оқу керек. Әйтпесе зейнет жасына жеткенде қажетті когнитивтік қабілеттерден айырылып қалу қаупі бар, - дейді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Бұған дейін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияны ойға қонымды, қалыпты деңгейге түсіру қажет екенін тапсырды.

Наверх