Оқу-ағарту министрлігінде Әдеп кодексі мәселелері жөніндегі семинар өтті

17 Тамыз 2024, 19:29
480
Бөлісу:
Оқу-ағарту министрлігінде Әдеп кодексі мәселелері жөніндегі семинар өтті
Фото: gov.kz

2024 жылғы 16 тамызда ҚР Оқу-ағарту министрлігінде Әдеп жөніндегі уәкілдің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін жетілдіру және тиімділігін арттыру мақсатында семинар өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілі қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын түсіндіру, олардың кәсіби мінез-құлқын нығайту және Әдеп кодексінің талаптарын орындау жөніндегі міндеттерді айқындау болып табылады. Бұл шара мемлекеттік қызметшілер арасында этикалық нормалар мен стандарттарды нығайтуға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған.

Қатысушылар семинардың өзекті тақырыптары бойынша белсенді пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыруға және олардың жұмысының сапасын жақсартуға бағытталған шараларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді.

Өзгелердің жаңалығы