Оқу-ағарту министрлігі түлектердің мектеп бітіру кештері жайлы айтты

1 Маусым 2023, 13:11
626
Бөлісу:
Оқу-ағарту министрлігі түлектердің мектеп бітіру кештері жайлы айтты
Фото: BAQ.KZ

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ алаңында өткен брифингте түлектердің мектеп бітіру кештері жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін барлық мектепте түлектер арнайы салатанатты іс-шараға қатысты. Осы жиынды өткізгеннен кейін мектеп түлектері осындай сәтті атап өтуі мүмкін. Бұл - ата-аналар мен мектептің өз еріктерінде. Алайда бұл іс-шараларды өткізуге қатысты бірқатар ереже бар екенін атап өту қажет. Ең алдымен бізде қазір сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ата-аналардан мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруға, оның ішінде оны ұйымдастыруға арнайы агенттіктерді тартып, студияларды жалдауға ақша жинауға тыйым салынған. Осының алдында да ата-аналар мен педагогтерді ескерткен болатынбыз, - деп айтты вице-министр брифингте.

Еділ Оспан балалардың түнгі ойын-сауық мекемелерінде болуы заңмен қатаң реттеледі.

Бұл жағдайларда балалардың заңды өкілдерінің бірге болуы, қоғамдық тәртіптің бұзылмауы ерекше бақылауда болады. Мектепті аяқтау - кез келген жасөспірім үшін маңызды, толқитын сәт. Сондықтан мектеп, ата-ана, мемлекеттік орган түлектердің шалыс қимыл, қателік жасамауына, ол сәтті ерекше өткізуіне қолдау көрсетуі керек. Заңдағы шектеу шаралары да осыған бағытталған, - деп түсіндірді ведомство өкілі.

Өзгелердің жаңалығы