Оқу-ағарту министрі жұмыс деңгейі ең төмен үш облысты атады

21 Маусым 2022, 11:13
1587
Бөлісу:
Оқу-ағарту министрі жұмыс деңгейі ең төмен үш облысты атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында айтты. 

Аппарат отырысында есеп берушілер Алматы және Маңғыстау, Түркістан облысында істеліп жатқан жұмыс жеткіліксіз екенін атады. 

Қай мәселені қарасақ та, осы үш облыс шыға береді. Бұлар басқа мемлекетте отырған облыстар емес қой. Оларда да басқа облыстардағы сияқты жағдай жасалған. Бірақ осы үш облыста білім саласында қай мәселені қарамасақ та, ең төмен деңгейде ұйымдастырылған. Білім басқармасы мен бөлімдері осыны тыңдап отыр. Қандай кедергі бар?, - деді Аймағамбетов.

Министр осындай сын, ескерту айтылса, олар халықтың саны көп деп айтатынын да жеткізді. 

Мәселе халықтың санында емес. Жұмысты бір балаға шаққанда да дәл осындай нәтиже алдымызға шығады. Бұл мәселені қарап, тиісті жұмыс жүргізу керек, - деді Асхат Аймағамбетов. 

Осыған дейін министр асханалардағы баға мен Балалар жылына арналған жоспарды сынады. 

Айта кетейәк, елімізде мұғалімдер тапшылығы бар және білім сапасы нашар өңірлерге үздік педагогтерді тарту бойынша арнайы бағдарлама басталды.

Қазіргі уақытта байқауға қатысу үшін құжаттарды қабылдау жүріп жатыр. Қажетті құжаттар тізімі жергілікті атқарушы органдардың және НЗМ ақпарат ресурстарында орналастырылған. Құжаттар 2022 жылғы 26 маусымға дейін қабылданады.

Өзгелердің жаңалығы