Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Мұстафа Капуджумен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
Кездесу барысында министр Астана мен Ыстанбұл арасындағы білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, тараптар мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, инклюзивті білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
