Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Оқу-ағарту министрі мұғалімдердің авторлық бағдарламасына қатысты пікір білдірді

Бөлісу:
 Мәжілістің баспасөз қызметі
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова оқу процесінде қолданылып жүрген авторлық бағдарламалардың тиімділігіне қатысты өз пікірін айтты. Министрдің сөзінше, қазіргі жағдайда мұндай бағдарламалар оқу сапасын арттырудың ең дұрыс құралы болып отырған жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр бір сыныпта білім деңгейі әртүрлі оқушылар отыратынын атап өтті. Оның айтуынша, кейбір сыныптарда үлгерімі төмен немесе қиын жағдайда жүрген балалар болса, сол сыныпта білім деңгейі жоғары оқушылар да қатар оқиды. Осындай жағдайда мұғалімнің алдында бірнеше таңдау тұрады: аттестациядан өту үшін авторлық бағдарлама жасау, сабаққа дайындалу немесе оқушылардың деңгейіне қарай дифференциалды тапсырмалар әзірлеу.

Менің ойымша, дәл қазіргі уақытта авторлық бағдарламаның оқу процесіне нақты бір тиімділігін көріп отырған жоқпын, – деді министр.

Жұлдыз Сүлейменова бұл мәселе бұған дейін де талқыланғанын атап өтті. Оның айтуынша, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басшылығы авторлық бағдарламаларды алдағы үш жылға дейін сақтау жөнінде өз ұстанымын ұсынған.

Алайда министрдің жеке позициясы басқа.

Менің ұстанымым – авторлық бағдарламаны алып тастау. Оның орнына оқу процесіне шын мәнінде тиімді, мұғалімдерге нақты көмек беретін құрал немесе тетік енгізу керек, – деді ол.

Министр бұл ұсынысты арнайы жұмыс тобы қарастырады деп үміт білдіріп, өзі де осы бағытта нақты ұсыныстарын енгізетінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы