Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды, - делінген Ақорда хабарламасында.
Ғани Бейсембаев 2023 жылғы қаңтардан бастап 2025 жылғы 29 қазанға дейін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі қызметін атқарды.