Оқу-ағарту министрі білім саласындағы сапа туралы айтты

Бүгiн, 12:32
145
Бөлісу:
Оқу-ағарту министрі білім саласындағы сапа туралы айтты
Фото: gov.kz

Ғани Бейсембаев министрліктің аумақтық департаменттерінің басшыларымен кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

онда білім беру жүйесін дамыту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жергілікті жерлерде мемлекеттік бастамаларды тиімді орындау жөніндегі стратегиялық мәселелер қаралды.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға, білім беру сапасын арттыруға, балалардың құқықтарын қорғауға, педагог мәртебесін қолдауға ерекше көңіл бөлінді. Министр сапалы білім беру елдің тұрақты дамуының негізгі факторы болып табылатынын, ал балалардың құқықтарын қорғау және олар үшін қолайлы білім беру ортасын құру министрлік қызметінің басым бағыты екенін атап өтті.

Оқу-ағарту министрі білім саласындағы сапа туралы айтты

Сондай-ақ кеңес барысында мемлекетпен қабылданған шаралардың іске асырылуына бақылауды күшейту, балалардың қауіпсіздігін, білім беру ұйымдарындағы жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету, жергілікті жерлерде бұзушылықтардың алдын алу мәселелері де талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша Ғани Бейсембаев бұл бағыттағы жұмысты күшейту, жергілікті атқарушы органдармен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және білім беру бастамаларының орындалуына мониторинг жүргізудің қосымша тетіктерін енгізу жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Өзгелердің жаңалығы