Оқу-ағарту министрі азаматтардың сауалдарына жауап берді

20 Қыркүйек 2024, 09:50
244
Бөлісу:
Оқу-ағарту министрі азаматтардың сауалдарына жауап берді
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің ресми Telegram-каналы

Оқу-ағарту министрі азаматтарды жеке қабылдау өткізді Азаматтарды қабылдау орталығында оқу-ағарту министрі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қабылдауға еліміздің әр өңірінен қатысқан тұрғындар өз сұрақтарын онлайн форматта қоюға да мүмкіндік алды. 

Атап айтқанда, сұрақтар мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, инклюзивті білім беру мәселелеріне қатысты болды. Ғани Бейсембаев барлық сауалдарға толыққанды жауап берді. Зерделеу мен пысықтауды қажет ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алатынын ескертті. 

Сондай-ақ комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берді. 

Азаматтардың жеке қабылдауы өңірлермен қатар, Астана қаласында Мәңгілік Ел даңғылы, 8 ғимаратта орналасқан Министрліктер үйінің 16-кіреберіс мекенжайындағы азаматтарды қабылдау орталығында өтіп келеді.

Өзгелердің жаңалығы