Оқаповтар отбасына +1 көлік: Әли жарына жаңа көлік сыйлады

Бүгiн, 08:54
237
Бөлісу:
Оқаповтар отбасына +1 көлік: Әли жарына жаңа көлік сыйлады
Фото: скрин

Белгілі музыкант Әли Оқапов жары Ақерке Бүркітбайға су жаңа көлік сыйлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік желіде таралған видеода тосынсый жасауға әншінің отбасы түгел жиналған.

Халық әртісі Роза Рымбаева, музыкант Мәди Рымбаев, кішкентай Зейін – барлығы Ақерке Бүркітбайдың жаңа көлігінің тұсауын кесті.

Көптен жоспарлап жүрген едім. Зейін өсті, сондықтан Зейінмен бірге де оны тасып жүретін көлік те өссін деген ниет, – деді Әли өз құттықтауында.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары жарыса ақ тілегін арнады.

"Құтты болсын, игілікке қызмет етер көлік болсын!" "Керемет! Құтты болсын!" "Жолы әрқашан ашық болсын! Керемет, қарапайым жұп! Алла тіл-көзден сақтап, аман жүріңіздер!" – деп жазды желі қолданушылары.

Өзгелердің жаңалығы