Сауалнама. Ата-аналар оқудың қандай форматын таңдайды

27 Тамыз 2021, 13:03
11609
Бөлісу:
Сауалнама. Ата-аналар оқудың қандай форматын таңдайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа оқу жылы қарсаңында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мектеп оқушыларының ата-аналары/қамқоршыларымен телефон арқылы сауалнама жүргізді.

Сауалнамаға тамыздың 16-сы мен 22-сі аралығында еліміздің барлық аймағынан (14 облыс пен республикалық маңызы бар қалалар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент) 1 200 респондент қатысты.

Сауалнаманың негізгі нәтижелері:

Ата-аналардың көпшілігі оқу процесін дәстүрлі форматта ұйымдастыруды жөн көреді, офлайн форматқа көшу үшін ата-аналар білім ордасында санитарлық талаптарды толыққанды сақтауға дайын. 

Ата-аналардың 2/3 бөлігінен астамы мектеп ғимаратына Ashyq қосымшасы арқылы кіру талабын қолдайды. 

Екпенің түрін таңдауды ұсынған жағдайда сауалнамаға жауап берген ата-аналардың 19,6%-ы өз баласына екпе салдыруға дайын.

Балаларға екпе салудан бас тартудың негізгі себептерінің бірі - балаларда сәтті сынақтан өткен екпенің болмауы.

Сауалнаманың толық нұсқасын мына сілтемеден көруге болады.

Өзгелердің жаңалығы