Бүгін сағат 11:00-де «Марден» бизнес-орталығында БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясын өткізу жоспарланған еді. Алайда Нұрлан Әуесбаевтың брифингін өткізуге жол берілмеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Біз жоспарлаған брифинг болмай қалды! Нақтырақ айтсақ, оны өткізуге жол бермеді. Бүгін сағат 11:00-де «Марден» бизнес-орталығында БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясын өткізуді жоспарланған едік. Онда біз үгіт-насихат жұмысына дейінгі аралық нәтижелермен бөлісуді жоспарладық. Бірақ іс-шара басталар алдында бізге бизнес-орталықта авариялық жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып, конференц-залға кіргізбей қойды. Алайда орталықтың басқа жалға алушылары қалыпты жағдайда жұмысын істеп жатыр. Апаттың салдарын жою олардың жұмысына кедергі келтірмеді. ЖСДП партиясы мұны біздің кандидатқа қысым жасау әрекеті деп бағалайды. Біз сайлауға қатысып жатқан жалғыз оппозициялық партиямыз! Әрине, бұл биліктегі көптеген адамға ұнамайды. Алайда біз мақсатымыздан бас тартпаймыз! Бүгін Facebook және Instagram парақшаларында сағат 12:30-де тікелей эфирге шығып, онлайн-брифинг өткіземіз. Онда біздің үгіт-насихатқа дейінгі жұмысымыз қалай жүргізілетіні туралы айтып беретін боламыз, – деді партия өкілдері.