"Опералия": ШЫҰ-ға қатысушы елдердің әртістері өнер көрсетті

8 Шілде 2023, 21:07
1087
Бөлісу:
"Опералия": ШЫҰ-ға қатысушы елдердің әртістері өнер көрсетті
PHOTO
Фото: ҚР МСМ баспасөз қызметі

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Опералия» халықаралық фестивалі аясында «Астана Опера» театрының сахнасында Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің артистерінің қатысуымен ауқымды концерт өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Опералия": ШЫҰ-ға қатысушы елдердің әртістері өнер көрсетті

Қытай, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Башқұртстан және еліміздің музыканттары көрермендерді шығармашылығымен қуантты.

"Опералия": ШЫҰ-ға қатысушы елдердің әртістері өнер көрсетті

Кешті Татьяна Вицина мен Дінмұхамед Көшкінбаев А.Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсынан «Тойбастар» шығармасымен ашты. Осы операның тағы бір әйгілі ариясын — Абайдың «Қай талқы» ариясын атақты баритон Азамат Жылтыркөзов орындады.

"Опералия": ШЫҰ-ға қатысушы елдердің әртістері өнер көрсетті

Концертке Тәжікстаннан келген сопрано Мунзифа Исоева, башқұртстандық Альфия Каримова, тенорлар қырғызстандық Айбек Саралаев, Өзбекстаннан Абосхон Рахматуллаев, Саян Исин, сопрано Мадина Исламова, Ұлпан Әубәкірова және басқа да өнерпаздар қатысты. Ал дирижер қызметін үш маэстро – Руслан Баймурзин, Элмар Бөрібаев және Қытайдан келген Коки Янг кезектесіп атқарды. Іс-шараға «Астана Опера» хоры мен симфониялық оркестрі, режиссер Еренбақ Тойкенов, бас хормейстер Ержан Дәуітов қатысты.

"Опералия": ШЫҰ-ға қатысушы елдердің әртістері өнер көрсетті

Мұндай мәдени іс-шаралар қазақстандық өнерсүйер қауымға шетелдік танымал артистердің шығармашылығымен танысуға мүмкіндік беріп қана қоймай, ШЫҰ бойынша серіктестерімізбен байланысты нығайтуға кең жол ашады. Өздеріңіз білетіндей, жақында ШЫҰ-ға қатысушы елдердің министрлері Алматыны ұйымның 2023-2024 жылдарға арналған мәдени және туристік астанасы етіп бекіту туралы ұсынысты қолдады, сондықтан алдағы уақытта елімізде ауқымды халықаралық іс-шаралар өтеді, - деді МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы Арман Жүдебаев.

Өзгелердің жаңалығы