ОПЕК + елдері келесі айда нарықтағы үлесін ұлғайтуға ұмтыла отырып, мұнай өндірісі көлемін арттыруға өзара келісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл ұйымның Қазақстан да мүшесі болып табылады.
Bloomberg агенттігінің мәліметінше, ОПЕК + елдері қазан айында өндіріс көлемін тағы ұлғайту туралы шешім қабылдады, өйткені бұл топ бағаны қорғаудың орнына нарықтағы үлесін ұлғайтуға ұмтылып, бұған дейін ұстанып келген саясатты өзгертуге ниетті.
Альянстың негізгі мүшелері Сауд Арабиясы мен Ресей бастаған топ бұған дейін қысқартылған жеткізілімдердің кезекті көлемін азайтуға кіріскендіктен, өндіріс көлемі шамамен 137 мың баррельге арттыру жөнінжегі шешімді мақұлдаулары мүмкін екенін айтады. Қазан айындағы өндірістің ұлғаюы 2026 жылдың соңына жоспарланған тәулігіне 1,66 миллион баррельге дейін қысқарту шараларын қалпына келтіруге бастама болмақ. Кейбір делегаттар бұл реттегі талқылау әлі жүріп жатқанын жеткізді. Өндіріс көлемінің бұл жолғы артуы ОПЕК пен оның серіктестерінің түбегейлі бетбұрысқа бет алғанын нақтылай алады. Соңғы айларда топ мұнай нарықтарын дүр сілкіндіріп, жоспарланған мерзімнен бір жыл бұрын 2,2 миллион баррельге тоқтатылған өндірісті қалпына келтірді, сөйтіп алда орын алмақ профицитке қарамастан нарықтағы өз үлестерін қалпына келтіруге ұмтылуда, – деп жазады басылым.
Өндіріс көлемін одан сайын арттыру АҚШ президенті Дональд Трампқа майдай жағуы мүмкін. Өйткені ол араб елдерін инфляцияны тежеу және Украинаға қарсы соғысты тоқтату үшін Ресейге қысым жасау құралы ретінде мұнай бағасын төмендетуге бірнеше рет шақырған болатын.