ОПЕК+ елдері мұнай өндірісінің қазіргі көлемін ұлғайту туралы шешім қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 маусымда ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті. Отырысқа Қазақстан атынан Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қатысты, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.

1 Шілде 2022 2022, 01:20
АВТОР
 1 Шілде 2022 2022, 01:20
1 Шілде 2022 2022, 01:20
1704

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 маусымда ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті.  Отырысқа Қазақстан атынан Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қатысты, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі. 

Отырыс барысында мамыр айында елдердің келісім бойынша міндеттемелерін орындауы талқыланды. 

Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін тамыз айына тәулігіне 0,648 млн баррельге ұлғайтуды жалғастыру туралы шешім қабылданды. 

Қазақстанның тамыз айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,706 млн баррельді құрайды.

Наверх