Астана, BAQ.KZ. 23 ақпан күні таңертеңгі сағат 08:00 шамасында Сарыағаш шекара отрядының «Жібек жолы-авто» өткізу бекетінен жаяу өтпек болған бойжеркеннен есірткі табылды, деп мәлімдеді ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
«Шекарашылардың есірткі іздеуге арнайы үйретілген «Линда» атты қызметтік иті «тасымалдаушы» ретінде біздің елден Өзбекстанға қарай жаяулатып өтіп бара жатқан 22 жастағы қазақстандық азаматшаны меңзеді. Ит қателеспепті, шекарашылар бұл азаматшаны жеке тексеру барысында, оның косметикалық заттарының арасынан 20 граммға жуық марихуана есірткісін тапты. Ұсталған азаматша айғақ заттарымен бірге Сарыағаш аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды», – делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.