Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылында 41 жастағы ер адам елді мекен орталығында өзін ерекше ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол қанға боялған жейде мен тек шұлық киіп, көшеде айқайлап жүрген. Куәгерлердің айтуынша, ер адам өзін-өзі жаралап, түсініксіз сөздер айтып, айналасындағыларға қауіп төндірген.
Оны өлтіргім келеді! Ол менің ішімде отыр! Шайтан! Мен оны табуым керек! Ол мені қорлады! - деп айқайлаған ер адам.
Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына жетіп, ер адамды ұстаған. Кейін ол медициналық жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Полицияның хабарлауынша, ер адамның өз-өзіне жарақат салуы мас күйінде жасалған әрекет болған.
Тексеру барысында азаматтың алкогольдік масаң күйде өз-өзіне дене жарақатын салғаны анықталды. Полиция қызметкерлері оның дереу ауруханаға жеткізілуін қамтамасыз етті. Құжаттар тіркеуге алынып, тиісті номенклатуралық іс материалдарына қосылды, - деп хабарлады СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі