Оңтүстікте жүргізуші куәлігін заңсыз берумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

12 Ақпан 2024, 18:32
567
Бөлісу:
Оңтүстікте жүргізуші куәлігін заңсыз берумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды
VIDEO
Фото: Polisia.kz

Оңтүстік өңірлерде жүргізуші куәлігін заңсыз берумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Жамбыл облысында полицейлер еліміздің оңтүстік өңірлері, атап айтқанда Жамбыл, Түркістан облыстары, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарынан тұратын қылмыстық топтың қызметін тоқтатты.

Олар тиісті оқыту сабақтарын және көлік басқаруын тәжірибе жүзінде тексерместен, ақшалай сыйақы үшін жүргізуші куәліктерін заңсыз берумен ұзақ уақыт бойы айналысқан.

Қылмыстық схемаға ХҚКО қызметкерлері және жоғарыда аталған өңірлерден жүргізуші куәлігін алғысы келетін клиенттерді іздеумен айналысқан “көмекшілер” кірген. Құжаттар Тараз қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтарында ресімделіп, берілген.

Осы жылы 12 ақпанда жоғарыда аталған өңірлерде күдіктілердің жұмыс орындары мен тұрғылықты жерлері бойынша құрықтау және тергеу іс-шаралары жүргізілді.

Оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының басшылары мен лауазымды адамдары ұсталды. Тіркелген қылмыстық істер аясында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта жүргізуші куәліктерін заңсыз берудің 35 дерегі анықталып, қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен орындаушылар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Өзгелердің жаңалығы