Оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp; Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында, жаңбыр жауып,&nbsp;өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.</h4>

 3 Маусым 2019 2019, 11:59
3 Маусым 2019 2019, 11:59
3277

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында, жаңбыр жауып, өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады.Оралда 3 маусымда күндіз найзағай, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғатын желдің күші 18 м/с күтіледі. 

3 маусымда түнде, 4, 5 маусымда күндіз Жамбыл облысында кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Таразда 3-5 маусымда кей уақытта найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жауады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 %. Қостанай облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде және таңертең кей жерлерінде найзағай күтіледі. Қостанайда 3 маусымда жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с, түнде найзағай күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%

Наверх