Оңтүстікте құрғақшылық байқалып отыр – АШМ

7 Маусым 2022, 10:52
1583
Бөлісу:
Оңтүстікте құрғақшылық байқалып отыр – АШМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді. 

Үкімет көктемгі егіс жұмыстарын оңтайлы мерзімде жүргізу үшін барлық қажетті шараны қабылдады. «Қазгидромет» РМК деректері бойынша жалпы болашақ өнім үшін қолайлы ауа райы болады. Барлық астық егетін аймағында жауын-шашынды болады деп болжанып отыр. Сонымен қатар оңтүстік өңірлерде ылғалмен қамтамасыз ету тапшылығы байқалады. Осыған байланысты оңтүстік өңірлердің әкімдері лимиттерді сақтау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу сынды сумен қамтамасыз ету шараларын уақтылы қабылдауы қажет, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сондай-ақ ол өнімділікті сақтау мен арттырудың қандай қадамы өсімдіктерді қорғауға ықпал ететінін алға тартты. 

Осыған байланысты облыс әкімдерінен арамшөп өсімдіктері мен зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жүргізуді бақылауға алуды сұраймын. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу жөніндегі республикалық жедел штаб шеңберінде туындаған мәселелер шешіліп жатыр және егіс науқанын өткізу министрліктің тұрақты бақылауында, - деді министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі былтырғы құрғақшылық қайталанған жағдайда мал басы мен құсты қалай сақтап қалатындарын айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы