Оңтүстік Қытай теңізінде АҚШ-тың әскери әуе күштеріне тиесілі екі ұшақ – жойғыш және тікұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы АҚШ Тынық мұхит флотының баспасөз қызметі әлеуметтік желі X-те хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, 26 қазан күні жергілікті уақытпен сағат 14:45 шамасында USS Nimitz әуе кемесінен жоспарлы операция орындау кезінде MH-60R Sea Hawk тікұшағы апатқа ұшыраған. Одан жарты сағат өткен соң, сағат 15:15-те сол маңайда F/A-18F Super Hornet жойғыш ұшағы да құлаған.
Барлық экипаж мүшелері дер кезінде катапультпен секіріп, аман-есен құтқарылған.
Оқиғаға қатысқан барлық адамдардың жағдайы тұрақты және қауіпсіз, – деп мәлімдеді АҚШ Тынық мұхит флотының өкілдері.
Қазір екі апаттың да себебі анықталып жатыр.