"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының экс-басшысы қамауға алынды

20 Сәуір 2022, 23:05
1182
Бөлісу:
"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының экс-басшысы қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы жарылысқа қатысты "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы қамауға алынды, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі.

"19 сәуірде прокуратурамен келісім бойынша Жамбыл облысы Байзақ ауданы Саракемер кентіндегі өрт пен жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс аясында қылмыстық кодекстің 453-бабы бойынша күдікті деп танылып, "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы