Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті бостандыққа шыға ма?

19 Шілде 2025, 01:38
791
Бөлісу:
 Yonhap News
Фото: Yonhap News

Юн Сок Ёл қамаудан босату туралы өтініш берген. Дегенмен, Оңтүстік Кореяның соты бұрынғы президент Юн Сок Ёлды қамауда ұстауды алып тастау туралы өтінішін қабылдамады, деп хабарлайды BAQ.KZ Yonghan News агенттігіне сілтеме жасап.

Сеулдің орталық аудандық соты Юн Сок Ёлдың қамауға алуының заңдылығын және оны күшінде қалдыру керектігін қарастыру туралы оның адвокаттарының өтініші бойынша тыңдаудан кейін осындай шешім шығарды.

Күдіктіден жауап алу қорытындысы мен іс материалдары бойынша өтініш негізсіз деп танылды. Ол қабылданбады, - деді сот.

Желтоқсанда әскери жағдай енгізу әрекетіне қатысты бес негізгі айып бойынша биліктен қуылған президент қамауға алынды.

Юнның адвокаттары оған тағылған қылмыстық айыптардың дәлелденбейтінін және оған ешқандай қауіп төндірмейтінін атап өтті.

Оңтүстік Корея тарихында қамауға алынған алғашқы президент

Юн Сок Ел елде төтенше жағдай енгізу әрекетінен кейін көп ұзамай қамауға алынды, бұл жарлықты үкімет дереу дерлік жойды. 15 қаңтарда импичмент жариялау рәсімінен кейін ол ұсталып, қамауға алынды. Юн Оңтүстік Корея тарихында қамауға алынған алғашқы президент болды.

Өзгелердің жаңалығы