Оңтүстік Кореяда су тасқынан 32 адам көз жұмды

16 Шілде 2023, 19:42
1113
Бөлісу:
Оңтүстік Кореяда су тасқынан 32 адам көз жұмды
Фото: Yonhap

Оңтүстік Кореяның орталығында екі күн бойы толассыз жауған жаңбыр су тасқыны мен көшкінге айналды. Салдарынан 32 адам қаза тауып, 10-нан астам адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ. Yonhap басылымына сілтеме жасап.

Елде 9 шілдеден бері толассыз жауған жаңбыр салдарынан билік бес мыңға жуық адамды эвакуациялауға мәжбүр болған. Бір аптаға жуық уақыттан бері мыңдаған үйде электр жарығы сөнген.

Солтүстік Чунчхон провинциясындағы Осон қаласында адам лық толы автобус пен 15-ке жуық көлік ішінде болған 685 метр жерасты туннельін өзен суы басып кетті. Құтқарушылар автобустан алты адамның мәйітін шығарып үлгерді. Қаза болғандардың қалған бөлігі іздестірілуде.

Метеорологтардың айтуынша, жауын жексенбіге дейін тоқтамай әлі күшейетінін ескертуде.

Маусым айында басталып, тамыз айының басында аяқталатын жаңбырлы маусым Оңтүстік Кореяда жыл сайын орын алады. Алайда 2023 жылы су тасқынынан қайтыс болғандардың саны әдеттен тыс жоғары болды. Экологтар мұны жаһандық жылынумен байланыстырады.

Сонымен қатар, егер соңғы жылдары әсіресе Сеул және Пусан ірі қалалар аймағында қатты жаңбыр жауса, қазір құтқарушыларға жету қиын Чунчхон мен Чолладо провинцияларында күшейген.

Өзгелердің жаңалығы