Оңтүстік Кореяның оңтүстік-шығыс аймағында орман өртеніп, кем дегенде төрт адам қаза тауып, алты адам жарақат алды, шамамен 1 500 адам эвакуацияланды, деп хабарлады BAQ.KZ Рёнхап агенттігіне сілтеме жасап.
Өрт жұма күні Санчхон уезінде, Сеулден оңтүстік-шығысқа қарай 250 км жерде басталып, қатты жел салдарынан басқа аудандарға таралған.
Орман өрттері құрғақ ауа райы салдарынан тез таралып, адамдардың өміріне қауіп төндіруде, – деді төтенше жағдайлар басқармасы басшысының орынбасары Ли Хан Кён.
Өртті сөндіруге шамамен 30 тікұшақ қатысуда, ал жексенбі күні таңертең Санчхонда өрттің шамамен 30%-ы бақылауға алынған.