Оңтүстік Корея мен Франция Ормуз бұғазындағы қауіпсіздікті күшейтеді

Бұдан бөлек, тараптар энергетика, жасанды интеллект, жартылай өткізгіштер, кванттық технологиялар мен ғарыш салаларында ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін растады.

 Yonhap Бүгiн 2026, 07:20
Бүгiн 2026, 07:20
81
Фото: Yonhap

Оңтүстік Корея мен Франция Ормуз бұғазы арқылы кемелердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету және жаһандық энергетикалық қауіпсіздік тәуекелдерін азайту бағытында бірлескен шараларды күшейтеді. Бұл туралы Yonhap агенттігі жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сеулде өткен келіссөздер барысында Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён мен Франция президенті Эммануэль Макрон теңіз бағыттарындағы үйлестіруді, мұнай мен газ жеткізілімдерінің тұрақтылығын талқылады. Сондай-ақ тараптар энергетика, атом және жел энергетикасы, жоғары технологиялар мен сауда салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті.

Кездесу қорытындысында елдер Ормуз бұғазындағы қауіпсіздікті бірлесіп қамтамасыз етуге және өңірдегі шиеленісті төмендету үшін халықаралық серіктестермен өзара іс-қимылды күшейтуге уағдаласты.

Бұдан бөлек, тараптар энергетика, жасанды интеллект, жартылай өткізгіштер, кванттық технологиялар мен ғарыш салаларында ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін растады.

Сауда-экономикалық бағытта екі ел 2030 жылға қарай өзара тауар айналымын 20 млрд долларға дейін арттыруды көздеп отыр. Сонымен қатар маңызды минералдар жеткізу тізбегі мен бірлескен энергетикалық жобалар бойынша бірқатар келісімдерге қол қойылды.

Наверх