Оңтүстік астанада көпқабатты паркингтер бой көтереді

20 Сәуір 2023, 10:16
558
Бөлісу:
Оңтүстік астанада көпқабатты паркингтер бой көтереді
Фото: almaty.tv

Алматыда көпқабатты паркингтер салына бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматыдағы тілшісі. 

Алматы қаласының әкімі Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында азаматтардың бірі автотұрақ мәселесіне шағымданды.

Мен "Қазақфильм" тұрғындарының атынан келіп отырмын. Сіз біздің автотұрақ мәселесі туралы естіген шығарсыз. Бізді тұрағымыздан қуып жіберді. 200 көлік көшеге шығып кетті. Құрылыс салушы компанияның құрылысқа рұқсаты жоқ, бірақ сонда да сол жерді бұзуға байланысты жұмыс істеліп жатыр. Біз бұған наразымыз, өйткені бізде одан басқа көлігімізді қоятын жер жоқ. Автотұрақ 40 жылдан астам уақыт осы жерде болды. Бізге бұл өте қажет. Осы жерді құрылыс салушыдан тұрғындар үшін алып және сол жерде автотұрақ орналастыруды сұраймыз, – деді аудан тұрғыны.

Алматы әкімі бұрын жеке компанияларға жалға берілген автотұрақтар қазір қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылып жатқанын айтты.

Құрылыс басталған кезде тиісті шаралар қабылданды, бірақ жеке меншік құқығын ала алмаймыз. Біз жаңа құрылысқа рұқсат бермедік. Ал автотұрақтың орнына не пайда болады деген сұрағыңыз бойынша сіздің ұсыныстарыңызды қарастырайық, бірақ қазір қалада нарық құны бойынша кезекті жер учаскесін сатып алуға мүмкіндік жоқ. Жерді сатып алу туралы мәміле адал жасалған, құжаттарды тексердік, - деді қала басшысы.

Досаев "Қазақфильм" және басқа да проблемалық аудандар бойынша тұрақ мәселесі қарастырылатынын айтты.

Біріншіден, өткен жылы "Алматы паркингті" қайтардық. Бұрын жеке компанияларға жалға берілген автотұрақтар қазір қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылды. Екіншіден, аулаішілік мобильді паркингтер деп аталатын жобаларды әзірледік, яғни көпқабатты паркингтер. Мүмкіндік болатын жерде осындай автотұрақтар салынады. "Қазақфильм" және басқа да проблемалық аудандар бойынша тұрақ мәселесін шешетін боламыз. Аудан әкімімен бұл жұмыс басталды. 2-3 айдан кейін одан не істеуге болатынын көреміз,  – деді  Досаев.

Өзгелердің жаңалығы