Онлайн жоба арқылы 30 сенімхат алынған

12 Сәуір 2023, 15:38
928
Бөлісу:
Онлайн жоба арқылы 30 сенімхат алынған
Фото: ОКҚ

Кеше іске қосылған «Цифрлық нотариат» жобасы арқылы қазақстандықтар 30 сенімхат алып үлгерген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков айтты.

«Цифрлық нотариат» жобасы арқылы әр азаматтың смартфон арқылы үйден, жұмыстан сенімхаттарды алуға мүмкіндігі бар. Үлкен дәрежелі жоба. Бұл жобаны іске асырған алғашқы елдердің біріміз. Онлайн сенімхатты e.gov қосымшасы арқылы алуға болады. Соңғы мәлімет бойынша кеше 15:00 ден қазірге дейін 30 шақты сенімхат алып үлгерген. Жарты күннің ішіндеге нәтиже осындай. Демек бұл жоба өз мақсатын орындап жатыр,- деді ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков.

Цифрлық сенімхатты ресімдеу жолы да қиын емес. Бастысы eGov Mobile қосымшасында ЭЦҚ болса жетілікті.

eGov Mobile қосымшасына авторизациядан өту;

өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ көмегімен қол қою;

онлайн қызмет түрін алушы өзінің жеке басын растау үшін мобильді қосымшада нотариусқа бейнеқоңырау шалады;

белгіленген тариф бойынша нотариус қызметіне ақы төлеу;

«Сандық құжаттар» бөліміне өтіп, сенімхат алу.

Айта кетейік, сенімхаттың бұл түрі қағаз нұсқасындай қолдануға жарамды.

Өзгелердің жаңалығы