Елімізде онлайн-петиция жариялауға қызығушылық танытқан адам алдымен жақтастарын табуы шарт, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Amanat партиясында өткен баспасөз мәслихатында Ақпарат және даму министрлігіне қарасты Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет мәлімдеді.
Белгілі болғандай, ашық түрде петиция жариялау үшін 150 жақтас қажет.
Алайда петицияның өзі әлі жарияланбаса, оны арнайы сайтта тарату үшін 150 дауысты қалай жинау қажет?
Петицияның авторы оны жариялаған уақытта сайтта автоматты түрде тікелей қосымша сілтемеге апаратын сілтеме жасалады. Қызығушылық танытқан адам тікелей сілтеме арқылы петицияны қолдау үшін жария емес қатарда жақтастардың ортақтастығын қалыптастыруы тиіс. 150 адам қосылған соң петиция бұқаралыққа айналып, оған әрі қарай қол қою мүмкін болады, - деп атап өтті Мадияр Қожахмет.
Алайда мұндай сілтемені әлеуметтік желіде жариялауға болмайды. Жабық сілтемені тек жеке хат түрінде ғана жіберуге рұқсат.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаттары петиция жариялау үшін ресми сайт құруды қарастыратын қоғамдық бақылау туралы заң жобасын мақұлдаған болатын.