Тракторшы мамандығын игергені үшін айыппұл төледі

17 Маусым 2020, 22:10
2342
Бөлісу:
Тракторшы мамандығын игергені үшін айыппұл төледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысы Успен ауданында тракторшы мамандығын заңсыз оқығандардан 1 млн теңге өндірілді. Сондай-ақ, осындай жағдайға жол берген мемлекеттік мекеменің 4 тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Успен ауданының прокуратурасымен Успен ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыс кадрларын қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға (еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша) бөлінген қаражатты жұмсау заңдылығының мәселесі бойынша қызметіне талдау жүргізілді. 

Бұл мемлекеттік бағдарлама халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға арналғанына қарамастан, оған критерийлерге сәйкес келмейтін тұлғалар қатысқан. Мысалы, өзге ұйымдарда жалақы ала отырып жұмыс істегеніне қарамастан, 15 тұлға 3 ай бойы тегін оқып, стипендия алған, - деп жазылған облыстық проркуратураның сайтында.

Сонымен қатар, "тракторист-машинист" мамандығы бойынша заңсыз білім алған 6 тұлғаның ішінде екеуінде - қолданыстағы тракторист-машинист куәлігі болған, ал төртеуі - бұрын мас күйінде көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған. Нәтижесінде қадағалау актісімен мемлекеттік бағдарлама бойынша заңсыз оқыған тұлғалардан 1 млн теңгеден астам қаражат өндіріліп, берілген куәліктердің қолданылуы тоқтатылды.

Өзгелердің жаңалығы