Онлайн, аралас, офлайн оқыту: Алматыда сабақ 3 бағытта өтеді

28 Тамыз 2021, 15:20
10813
Бөлісу:
Онлайн, аралас, офлайн оқыту: Алматыда сабақ 3 бағытта өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында қаланың Білім басқармасы басшысы Ләззат Жылқыбаева білім беру үш бағытта ұйымдастырылатынын айтты.

Жалпы қаладағы қазіргі эдемиологиялық жағдайды ескере отырып, жаңа оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру тәртібі туралы ерекше атап өтуге рұқсат етіңіздер.
Білім беру ұйымдарына оқушылардың көпшілік болып жиналуына жол бермеу және балалар арасында инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында оқу процесі бір мезгілде үш бағыт бойынша ұйымдастырылады, - деп атап өтті басқарма басшысы.

Онлайн оқыту


Ата-аналарының өтініштері негізінде оқушыларды онлайн оқытуы ұйымдастырылады. Осылайша, ата-аналар баласын мектепке жіберуді немесе оқуын қашықтан жалғастыруын өздері таңдай алады. Бұл жерде мектеп басшылығы оқу сапасының төмендеп кетпеуіне көңіл бөледі.

Аралас оқыту


Аралас оқыту ұйымдастырылады. Негізгі оқу пәндері мектепте, қалғандары, мысалы, музыка, көркем еңбек, информатика, құқық негіздері, графика және жобалау, кәсіпкерлік және бизнес негіздері онлайн форматта оқытылады.

Офлайн оқыту


Офлайн оқыту кезінде оқу сыныптардағы оқушылар саны 25-тен аспайды.
Осылайша біз дәстүрлі оқыту форматына біртіндеп көшуді қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелері бойынша мұғалімдер мен ата-аналар арасында қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп түсіндірді Ләззат Жылқыбаева.

Сондай-ақ ата-аналар барлық сұрақ бойынша білім беру ұйымдарының әкімшіліктеріне немесе тікелей аудандық білім бөлімдеріне және Білім басқармасына жүгіне алады.



Өзгелердің жаңалығы