Қарағанды облысының тұрғындары терапевтің жолдамасынсыз онкологтардан тегін тексеруден өте алады, деп хабарлайды BAQ.KZ Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Қарағандыда 30 наурыз күні сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін халыққа колоректальды және гинекологиялық қатерлі ісіктің алдын алу және ерте диагностикалау бойынша Ашық есік күні өтеді. Барлық ниет білдірушілер (терапевттің жолдамасынсыз) тегін медициналық тексеруден өтіп, жетекші онкологтардан кеңестер мен ұсыныстар ала алады.
Қабылдау Аманжолов көшесі, 189, № 22 (онкохирург) және № 8 (онкогинеколог) кабинеттер мекенжайы бойынша № 3 көпбейінді ауруханада өтеді.
Сондай-ақ Қарағанды қаласының № 3 емханасы колоректальды қатерлі ісік пен жатыр мойны обырының алдын алу және ерте анықтау бойынша Ашық есік күнін өткізеді. № 3 емханаға тіркелген пациенттер № 310 кабинетте онколог-дәрігерден кеңес ала алады, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, ашық есік күндері бүкіл ел бойынша өтеді.