Онкологиямен ауыратын науқастарға ревакцинация жасауға бола ма?

16 Ақпан 2022, 12:47
1437
Бөлісу:
Онкологиямен ауыратын науқастарға ревакцинация жасауға бола ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы онколог-маммолог Данара Сулейменова брифинг барасында жауап берді. 

Халықаралық және қазақстандық ұсынымдарға сәйкес, онкологиялық науқастар вакцинациялануы керек. Вакцинация науқастардың ауру деңгейі мен емделу мәртебесіне тәуелсіз болуы керек. Демек аурудың белсенді күйі кезінде науқас химиятерапия алса да, сәулелі ем қабылдаса да, вакцинациядан бас тартуға болмайды. Зерттеулер көрсеткендей, аталған санаттағы науқастардың вакцинациядан алған әсері қалыпты адамдардікімен сәкес келіп отыр, - деді ол.

Сүлейменова айтқандай, онкологиясы бар науқастар әлжуаз санатқа жатады. 

Олардың иммунитеті төмен, сондықтан ондай азаматтар арасындағы өлім-жітім 3 есе жиі кездеседі. Бұл өкпе обыры мен асқынған ауруы бар науқастарға қатысты. Вакцинацияның тиімділігі бұл санаттағы адамдарда төмен болуы мүмкін. Вакцинаның әр салынған дозасы тиімділікті арттыра түседі, - деді Данара Сүлейменова. 

 

Өзгелердің жаңалығы